Біздің елдің сәбилері де талантты

Ауданымызда «Болашаққа - білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында өткен спорттық-интеллектуалдық эстафета ойынында «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері оқ бойы оза шығып, облыста өтетін сайысқа жолдама алған болатын.

14-15 наурыз күндері спорттық-интеллектуалдық сайыс өз жалғасын тапты. Жарысқа 7 аудан және Атырау қаласының бүлдіршіндерінен құралған командалар қатысты. Іріктеу кезеңінде Мақат ауданымен бәсекелескен біздің бүлдіршіндер жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Жартылай финалдық кездесуде Жылыой ауданымен, финалдық сайыста Атырау қаласының командасымен тайталасқан бәсекеде жеңіске жетіп, облыс бойынша біздің ауданымыздың бүлдіршіндері І орынды қанжығаларына байлады. Жарысқа қатысқан бүлдіршіндеріміз Медет Ерланұлы, Ахмедияр Мүтән, Мадина Отарғали, Аяулым Серікқали, Айымнұр Төлеміс, Асылжан Жұмажан, Айзере Төлеуғали, Арсен Қуантай, Айзере Бекжан, Бекет Қадірбек және де облысқа жолдама алған «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері Ақерке Абзалқызы, Сауран Нұрғуат. Осындай тәрбиеленушілерді баптап, додаға қосқан бапкер-ұстаздары Алия Хисметуллина, Айнұр Қабдолова, Жайнар Закарияева, Сандуғаш Сапарова апайларының отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

Сайысқа қатысушы бүлдіршіндердің ата-аналары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521