Біздің құрама екінші орынды еншіледі

Облыстық білім беру басқармасының жылдық жоспарына сәйкес қаңтар-ақпан айларында мектеп және колледж оқушылары арасында IX қысқы спартакиада өткен болатын.

Қысқы спорт ойындарының 5 түрінен өткен бұл дүбірлі додаға ауданымыздың командасы қатынасып, тұңғыш рет командалық 2-орынға ие болды. Атап айтар болсақ, хоккейден өткен сайыста Новобогат, Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептердің оқушылары қатынасып, 3 орынға ие болды (жаттықтырушылары Б.Қарабалина, А.Құрманғалиев). Шаңғы жарысы, биотлон, президенттік көпсайыстан Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің оқушылары Саят Сабитов пен Нұрбек Айбатыров 3 орындарға ие болды (жаттықтырушысы А.Құрманғалиев). Ал, футзалдан өткен жарыста белсенділік танытқан «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының ұлдар командасы 3, қыздар командасы 1-орындарды жеңіп алып, 27 ақпанда Щучинск қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алды (жаттықтырушылары Ө.Шайхиев, А.Бисенбаев).

Осындай нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте Атырау қаласынан кейінгі екінші орынды еншілеп қайттық. 3-орын Индер ауданының командасына бұйырды.

Ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегін ескере отырып, алдағы уақытта да оқушыларымыз биік белестерден көріне береді деген сенімдеміз.

Мырзахмет ҒҰБАШЕВ,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика