Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері отставкаға кетті

Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев отставкаға кететінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен өз еркіммен кеттім. Басшылар отставкаға қол қойды. Ешкімге өкпе жоқ. Екі жарым жыл жұмылып еңбек еттік. Командада тәжірибелі бапкерлер де, ысылған боксшылар да болды. Қолымыздан келгенін істедік. Ешкімнің желкесінен сүйреп, чемпион қылғам жоқ, іріктеуден елдегі ең мықты деген боксшылар өтті. Олимпиадаға неге бармай қалғандарын ол жігіттер жақсы біледі, адам өз кемшілігін мойындап үйренгені дұрыс. Біздің қалауымыз бола бермейтінін олимпиада көрсетті.

Ең бір өкінетін тұсым - Сабырхан Махмұдқа мүмкіндік бере алмағаным. Бірақ, Сабырхан секілді жігіттер асыл тас секілді, су түбінде көп жатпайды, бағы жанса, халықаралық рингте қазаққа әлі талай жүлде сыйлайды. Мен Махмұдқа шын көңіліммен тілектеспін.

Еліміз аман болсын. Қазақ боксына сәттілік тілеймін», деп жазды Ғалымбек Кенжебаев.

Айта кетейік, Ғалымбек Кенжебаев бас бапкер қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын.




ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521