Чемпион атағын қорғап қалған отандасымыз Ангелина Лукас мәлімдеме жасады

2023 жылдың 26 тамызында Қазақстанның сұлу боксшысы Ангелина Лукас Түркияда әлем чемпионы атағын қорғады. Ол Танзания өкілі Стумай Мукимен жекпе-жекте жеңіске жетті. Осыған байланысты боксшы ару мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ангелина Лукас өзінің Instagram-дағы парақшасында бүгін "кәсіби рингте бесінші жеңіске жеткенін және 10 раундтық жекпе-жекте әлем чемпионы атағын қорғап шыққанын" баса атап өтті.

"Кеше салмақ өлшеу рәсіміне Барби секілді киініп келдім, соған қарап қарсыласым, әрине, мені дұрыс бағаламады. Бірақ Қазақстан халқы мені қолдап, чемпион екенімді және рингте нағыз сойқанға айналатынымды білді. Мен қазақстандықтардың барлық қолдауын сезіндім. Екінші раундта қарсыласымды есеңгіретіп, арқанға іліндірдім, бірақ ол орнынан тұрып, қорғанысқа көшті, сөйтіп бүкіл жекпе-жекті қашықтықтан жалғастырды. 10 раундтың барлығында да мен жеңіске жеттім. Біз - қазақтар - бокс әлеміндегі кіл мықтылармыз", - деп жазды Қазақстан боксшысы.

Спортшы ару қазіргі уақытта кәсіпқой бокстағы бірден бір әлем чемпионы және сегіз айдан кейін әлем чемпионы атағын қорғаған әйелдер арасындағы жалғыз боксшы екенін атап өтті.

Сондай-ақ отандасымыз "тарих тек оқылып қана қоймайды, жазылады" деп атап өтті.

Сонымен қатар, боксшы "жақын күндері әлемнің барлық атақтары Қазақстанға тиесілі болады" деп мәлімдеді.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, өзінің чемпиондық белбеуін сәтті қорғады, ал Стумай Муки төртінші мәрте жеңіліске ұшырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521