Дархан Асаділов Олимпиаданың жартылай финалына өтті

Каратэден өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Дархан Асаділов Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Отандасымыз төрт бірдей жеңіспен жартылай финалға шығып отыр.

Алғашқы жекпе-жегінде түрік Ерай Самданды 6:2 есебімен жеңді.

Екінші жекпе-жегінде әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен жеңді.

Үшінші жекпе-жегінде жапониялық Наото Сагоға мүмкіндік қалдырмай 3:0 есебімен жеңді.

Ал төртінші жекпе-жегінде мысырлық Аль-Эльсауимен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда отандасымыз француз Стивен да Костамен кездеседі. Жартылай финалдық бәсеке 17:05-те басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT