Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Аққыстау ауылының орталық стадионында «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы ұйымдастырылды.
Оның ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Ибрагимов, облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» дәрігері Ж.Қабделов, ардагер спортшы А.Молдабаев сөз сөйледі. Акция аясында тұрғындардың қатысуымен қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына ену мақсатында секіртпемен секіруден рекорд орнату жоспарлануына орай бұл шараға барлығы 615 адам қатынасты. Көпшілікті жиған шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан, аудандық салалық бөлім басшылары да қатысты.
Арай МАҒАЗОВА, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы