Диас – күміс жүлдегер

Жақында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындары өтті.

Төрт жылда бір өтетін бұл жарыста қазақ күресінен бақ сынаған Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас палуаны қамысқалалық Диас Мақсотов 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға қол жеткізді. Аталған жарысқа 14 облыстың мықтылары қатысқан болатын. Спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Үмбет Мұсағалиев баптайтын жас палуан - облыс құрамасының тұрақты мүшесі.

– Бұл додада Диастың қарсыластары ересектеу болды. Соған қарамастан, шәкіртім табандылық танытып, ақтық сынға дейін жетті. Жас қой, алар асуы әлі де алда деп ойлаймын, - дейді Диастың ұстазы.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521