Дидархан - халықаралық турнир жеңімпазы

Маусым айының 20-21 күндері Қырғызстан елінде барлық спорт түрлері бойынша «PEARL OF KYRGYSTAN» VI Халықаралық фестивалі болып өтті.

Аталған байрақты бәсекеде самбо күресінен 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында 46 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған «Барыс» спорт клубының шәкірті Ғайнеден Дидархан өз тобында 4 кездесу өткізіп, барлығында сәтті аяқтады.

Осылайша, әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған «мен, мен» деген палуандардың жауырынын жер иіскеттірген жерлесіміз әлемдік додада жеңіс тұғырына көтеріліп, ел абыройын асқақтатты.

- Жеңіс ешқашан оңай келмейді. Әр жетістіктің артында тыңғылықты дайындық пен қажырлы еңбек тұрары сөзсіз. Біз бұл жарысқа қажетті деңгейде дайындалдық. Әлем елдерінінің өкілдері басқосқан дүбірлі додада ел намысын қолдан бермей, көк туымызды көкте желбірету кез келген спортшының арманы десек, шәкіртім бұл деңгейге де көтеріліп, үмітімді ақтады. Алла сәтін салса, бұдан биік белестерді бағындыру да жоспарымызда бар, - дейді жас палуанның бапкері Тұрар Ризуанов.

Иә, жерлестеріміз байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатып, көк туымызды көкте қалықтатып жатса, ол әр қазақстандық үшін де зор қуаныш екені даусыз.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер! 

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521