Дінмұхаммед – республикалық турнир жеңімпазы

Атырау қаласында самбо күресінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир өткен болатын.

200-ге жуық спортшы бақ сынасқан аталмыш жарысқа Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты. Атап айтар болсақ, 50 келі салмақта Әділжанов Бейбарыс (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы), 60 келіде Шұғыпан Айару (жаттықтырушысы Н.Абдеш) мен Гүлжанат Болатова (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы) үшінші орындарды иеленсе, 50 келі салмақта Аманқос Ұзақбаев (жаттықтырушысы А.Лесов) екінші орынға қол жеткізді. Ал, 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Дінмұхаммед Қилымов (жаттықтырушысы А.Ғалымұлы) бірінші орынға қол жеткізіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521