Ел біріншілігіне жолдама алды

Желтоқсан айының 7-8-і күндері аралығында Атырау қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен облыс чемпионаты өтті.

Аталған сынға аудан спортшылары да қатысқан болатын. Ел чемпионатына іріктеу болып табылатын бәсекеде жасөспірімдер арасында бақ сынаған «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірттері мен жастар арасында сынға түскен дзюдошыларымыз жүлделі оралды (жаттықтырушылары Асхат Жұмабеков, Тәукен Равиль). Атап айтар болсақ, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Ерболат Дулат пен 66 келіде күрескен Қайырлы Шаттан қола жүлдегер атанды. 90 келіден жоғары салмақта Бексұлтан Талапов күміс жүлде иеленді.

Ал 1999-2001 жылы туған жастар арасындағы сында 66 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Жомартұлы қола жүлде иеленсе, 90 келі салмақта топ жарған Тәукен Расул жарыс жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

- Қазақстан Республикасының чемпионаты жастар арасында Атырау, жасөспірімдер арасында Тараз қалаларында өтеді. Ел біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне үш спортшымыз ие болып отыр. Олар - жастар арасында жеңімпаз атанған Тәукен Расул, күміс жүлдегер Ерасыл Жомартұлы және жасөспірімдерден Бексұлтан Талапов, - дейді спортшылардың жаттықтырушысы Асхат Жұмабеков.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521