Ел чемпионатына – 5 жолдама

Наурыз айының 4-5 күндері аралығында Атырау қаласында пара армрестлинг пен пара пауэрлифтингтен облыстық чемпионат өтті.

Чемпионатқа қала және аудандардан 60-қа жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты. Олардың арасында күні бүгінге дейін көптеген республикалық, халықаралық додаларда топ жарып жүрген аудан параспортшылары да бар. Байрақты бәсекенің нәтижесінде аудан спортының қоржыны 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен толықты. Нақтырақ айтқанда, пара армрестлингтен Аслан Қайрошев, Әсия Нәбиева, Сәтбек Тулебаев, Гүлден Сұпығалиева және Медет Сұпығалиев өз салмақ дәрежелері бойынша топ жарып, чемпионаттың жеңімпазы атанса, пара пауэрлифтингтен өнер көрсеткен қос жерлесіміздің бірі Елдос Орынбай күміс жүлдені және Ақылбек Мусилов қола жүлдені қанжығаға байлады.

Осылайша, жеңімпаз атанған жерлестеріміз наурыз айының 14-16 күндері Алматы облысы, Талғар қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT