Ел чемпионатында Атыраулықтар-ІІІ орында, оған Исатайлықтар да үлес қосты

Қарағанды қаласында ағымдағы жылдың 7-9 қазан аралығында Пенчак Силаттан Ересектер арасында  үш рет Қазақстан Республикасының кубогі және жастар мен жасөспірімдер арасындағы V ші ҚР чемпионаты өтті. Бұл додаға Исатай ауданының спортшылары да қатысты.

Аталмыш чемпионатқа еліміздің 13 өңірінен келген спортшы үш күн бойы боз кілемде бақ сынасты. Бұл ҚР чемпионатында Атырау облысы командалық есепте ІІІ орынға ие болды. Атырау облысы қанжығасына 5 алтын, 1 күміс, 7 қола еншіледі. Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен  Әділбек Нұрхан, Сағын Аманбек, Ағидолла Еділ қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Еділ Ағидолла мен Нұрхан Әділбек  жүлделі ІІІ орындарға ие болып, мерейімізді асқақтатты.

cb9c8626-933d-4e4c-8d57-3b3bb8e7f2a9       7c5629b8-4743-4412-8732-d5be237f945e

–Әрине, ҚР чемпионатына әрекеті бір-бірінен асып түсетін мықты спортшылар жиналатыны анық. Сондықтан, әр спортшыға осы додада бақ сынау өте қиынға соқты. Дегенмен, тер төгіп еңбектенген спортшылар өз мақсаттарына жетті. Қазақстандағы Индонезия елшісі Мохаммад Фаджрул Рахман осы чемпионатқа арнайы қатысып, Пенчак Силаттың дамуына көмектесіп, спортшыларды жеңісімен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстанушы ұрпаққа ізгі тілек білдірді. Мохаммад мырза біздің елде осы спорт түрін насихаттап, дамытып отырған ҚР мәдениет және спорт министірлігіне алғысын айтты. Сонымен қатар, ол екі ел арасында мейірім мен достықтың шексіз екенін атап өтіп, жалпы еліміздің барлық елдермен бейбіт және толерантты қарым қатынастағы ел екеніне тоқталды. Пенчак Силат ҚР аймағындағы заңды аккредитациядан өткен спорт түрі болып табылады. Бұл сайыс біздің ауданымыздың спортшылары үшін де сәтті тәжірбие болды,-дейді Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Айбол Жолдасов.

30eab44f-44c9-4109-a627-fbf9b92fd205

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521