Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
60 келі салмақта сынға түскен Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.
Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленіп отыр.
Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейін Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Елдос бар күшін салып, Қазақстан қоржынына Токио ойындарындағы алғашқы жүлдені салды.