Қазір республика бойынша 521 жасөспірімдер спорт мектебі бар. Онда 406 227 спортшы жаттығады. Жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 114 түрі, соның ішінде олимпиадалық спорт түрлерімен – 302 204, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша – 31 043, ұлттық спорт түрлері бойынша – 44 695, Азия ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлерімен 27 581 адам шұғылданады.
Ведомствоның кеңейтілген жиынында спортшыларды медициналық тұрғыда қолдау шарасы күшейтілетіні айтылды.
«Келесі маңызды бағыт – спортшыларды алаңда медициналық және биологиялық қамтамасыз ету. Бекітілген салалық тұжырымдамаға сәйкес, еліміздің 9 өңірінде, соның ішінде Ұлытау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында медициналық дене шынықтыру диспансерлерін ашу жоспарланып отыр. Облыс басшыларынан осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізуді сұраймыз», - делінген министрлік хабарламасында.