Еншімізде үш жүлде

Таяуда ғана Шымкент қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өткен болатын.

Бұл байрақты бәсекеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінен де спортшылар қатысып, барлығы 1000-ға жуық жасөспірім бақ сынады.

 

Сондай-ақ, бұл жарыста аудандық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері бар.Аталған сында жерлестеріміз нәтижелі орынға қол жеткізді.Атап айтсақ, 57 келі салмақ дәрежесінде Асылзат Нұрланқызы, 62кг Шыңғысхан Жұмабай II орын иеленді. Ал қарсыластарын айқын басымдықпен жеңе білген 48 кг салмақ дәрежесіндегі Жантөре Рашидұлы жүлделі I орынға ие болып, олжалы оралды.

Айта кетейік, жас спортшылардың жаттықтырушы, бапкерлері Бұрхан Оралбеков, Берік Хамзин, Нұрсұлтан Абдеш.Бұл ақпарды бізге осы жетекшілердің бірі жеткізіп, қуанышымен бөлісті.

 

-Жарыс өте тартысты өтті. Қай өңірдің спортшыларын алсақ та, бәрінің де жеңіс үшін келетіні белгілі. Бірақ ең алдымен бәрі баққа байланысты. «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген сөзі бар қазақтың. Айтқым келгені, бұл сында шәкірттерімнің басым бөлігінің бабы мен бағы қатар шапты. Нәтиже жаман емес. Қоржынымыз үш жүлдемен толықты. Шәкірттерімнің алда әлі талай жеңісіне, талай жетістігіне куә болатыныма сенемін. Бұдан да биік белестерді бағындыруға жұмыстанамыз, - дейді аудандық БЖСМ джиу-джитсу бөлімінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Абдеш.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT