Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты өткен болатын.
Бұл бәсекеде жерлесіміз Ерасыл Жомартұлы да бақ сынады. 68 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз елдік додада ерекше өнерімен көзге түсті. Нәтижесінде үшінші орынды еншілеп, ауданымыздың абыройын асырды. – Жомарттың аяқалысы жаман емес. Жалпы бұл спортшының мүмкіндігі өте жоғары, - дейді оның жаттықтырушысы Асхат Жұмабеков.
– Ол бұған дейін қазақ күресінен, самбодан өткен ел біріншіліктерінен жүлделі оралып жүр. Осы жолы Ерасылдан бұдан да жоғары нәтиже күткеніміз рас. Дегенмен, бұйырғаны осы болды. Алда бұдан да үлкен белестерді бағындырады деген сенімдеміз, - дейді ол.
Бапкерінің айтуынша, Ерасыл енді ересектер арасындағы бәсекелерде бақ сынайды. Палуанымызға жолың ашық болсын дейміз.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ