Еркебұлан ел біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласында əлем чемпионы Балтабек Қызметті еске алуға арналған жауынгерлік самбодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Еліміздің əр түкпірінен мықты палуандар жиылған бəсекеде ауданымыздың спортшылары да бақ сынады. Солардың бірі талай сайыста топ жарып жүрген Расуль Таукен (90 келі) төрт кездесу өткізіп, жарыстың қола медалін қанжығаға байлады.

Ал, былтыр ғана жастар арасындағы ел біріншілігінде 52 келі салмақта қарсыласын шақ келтірмей, Қазақстан Республикасының чемпионы атанған Еркебұлан Қуанғалиев бұл жолы 57 келі салмақ дəрежесінде өткізген бес кездесуін де сәтті аяқтап, ел біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы атанды.

Естеріңізге сала кетсек, Еркебұлан былтырғы чемпионатта жеңімпаз атанумен қатар спорт шебері атағына ие болған болатын. Осы жолы да жеңімпаздар сол атақты сарапқа салды. Бұл - аталған жарыста кіл мықтылар бақ сынады деген сөз. Соған қарамастан, біздің чемпионымыз бұл нормативті сəтті орындады.

- Шəкірттеріміз сенімімізді ақтап, ел чемпионатында жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Еркебұлан былтыр да өз салмағын бағындырған еді. Биыл да жерге қаратқан жоқ. Ал, Расульдың жауынгерлік самбодан жастар арасында қатысып отырған алғашқы чемпионаты. Бастапқы қарқын жаман емес.Шəкірттеріміз келер жылы əлем кубогіне қатысу құқына ие болды, - дейді спортшылардың бапкері Асхат Жұмабеков.

Жеңісті сəттеріміз көп болғай!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521