ЕРКЕБҰЛАН ЕРЛЕП ТҰР

2022 жылдың қазан айының 6-9 күндері аралығында Ақтау қаласында спорттық  және жауынгерлік самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында ашық Азия кубогі өткен болатын.

Әлемдік деңгейдегі бұл жарысқа әлемнің 9 мемлекетінен, атап айтқанда, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Бахрейн, Шри-Ланка мемлекеттерінен 200- ден астам спортшы қатысты.

Мұндай дүбірлі додаға қатысуға қай елдің де «мен» деген мықтыларына ғана мүмкіндік берілетіні белгілі. Сол қатарда жауынгерлік самбодан бақ сынаған «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының нұсқаушысы Еркебұлан Қуанғалиев та олжасыз оралмады. Жаттықтырушысы Асхат Жұмабековтың еңбегі мен сенімін ақтай біліп, талай-талай әйдік додаларда «әп, бәрекелді» дегізіп жүрген жерлесіміз осы жолы 58 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қанжығасына байланды.

Бұл жолы да оның қуанышын бірге бөліскен жерлестері жаттықтырушысы мен палуан бауырымызға алар асу, шығар биіктерің көп болсын деп тілек қосуда.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521