Футболдан Конференция лигасы: «Шахтердің» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 10 тамызда UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында қарағандылық «Шахтер» командасы Украинаның «Колос» командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, екі клуб арасындағы алғашқы кездесуде 0:0 есебімен аяқталды.

Бүгінгі кездесуге түркиялық Халис Озкахья төрешілік жасайды. Оған отандастары Ибрахим Чаглар пен Али Сайгын Огель көмекшілік етеді. Қосалқы төреші де - түркиялық Хюсейин Гечек.

«Колос» командасы 2012 жылы құрылған. 2018/19 жылы Украина біріншілігінде күміс жүлдегер болды. Былтыр төртінші орынға тұрақтады. Украиналық клуб бірден Конференция кубогы үшінші іріктеу сатысына жолдама алды.

Ал «Шахтер» екінші іріктеу сатысында Румынияның ФКСБ ( бұрынғы атауы «Стяуа») клубын (0:1, 2:1, пенальтиден 5:3) жеңді.

Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, қазақстандық клубтар қатарынан Алматының «Қайраты» Еуропа лигасында, елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» Конференция лигасында сынға түсуде.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT