Гүлжанат әлем біріншілігіне барады

Жақында Ақтау қаласында джиу-джитсудан (Файтинг-систем, Не-ваза-систем) 2004-2006 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Бұл біріншілікке еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық спортшы жиылып, бақ сынады. Оның ішінде Атырау облысы құрама командасы сапында өнер көрсететін Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де күш сынасып, жүлделі орындарға ие болып қайтты. Атап айтсақ, Н.Абдеш баптайтын Шұғыпан Айару (неваза, файтинг) үшінші орынға ие болса, А.Оралбековтің шәкірті Гүлжанат Болатова файтингтен 1-ші, невазадан 2-ші орындарды қанжығаға байлап, абыройымызды асырып қайтты. Осылайша Гүлжанат осы жылдың қыркүйек айында Греция мемлекетінде өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды. Жас палуанымызға алда да үлкен жетістіктер тілейміз.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521