Головкин Муратамен өтетін жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтетін жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.                               

Геннадий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 29 желтоқсан, сәрсенбі күні Сайтамада (Жапония) өтетін және DAZN стриминг сервисі көрсететін шараның афишасын жариялады.

«Жапонияда үлкен драма болмақ. 29 желтоқсанда кездесеміз», - деп жазды GGG.    

Айта кетейік, екі боксшы үшін алдағы айқас ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. 

Головкин өткен жылдың желтоқсан айынан бастап шаршы алаңға шықпаған болатын, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері жұдырықтаспаған.

inform.kz



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT