Інжу халықаралық турнир жүлдегері

Польша елінің Марки қаласында 22 – 24 наурыз күндері 2010 жылы туылған қыз балалар арасында дзюдодан «Same judo Cup» 4-халықаралық турнирі болып өтті.

Әлемнің 20-дан астам мемлекетінен 1250-ге жуық спортшы қатысқан бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының шәкірті, Зинеден ауылының тумасы Жұмажан Інжу 28 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Алғашқы белдесуінде Германия елінен келген қарсыласына ескерту әдісі бойынша есе жіберген Інжу, жеңілістен мойымай, керісінше, жігерлене түсті. Соның арқасында жұбаныш белдесулерінде Франция, Польша, Румыния елдерінен келген қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, ІІІ орын үшін болған белдесуде жарыс қожайыны Польша елінің спортшысын таза жеңіп, қола жүлдегер атанды. - Інжудің салмағы 28 келіге жетпейтінін ескеретін болсақ, бұл біздің шәкіртіміз үшін үлкен жетістік деп білеміз. Қолдау көрсеткен ата-анасы, бауырлары мен ауылдастарына және демеушілік жасаған "RAN-AS" ЖШС-не алғысымызды білдіреміз, - дейді Інжудің жаттықтырушысы Тұрар Ризуанов.

Серікбол Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521