Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі - «Жылдың үздік спорт ұйымы»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ел спортының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен салтанатты жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, жылдың үздік спорт ұйымдарын марапаттады.

Салтанатты жиында 2021 жылдың қорытындысы бойынша республика көлемінде Атырау облысы, Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі - «Жылдың үздік спорт ұйымы» номинациясына лайық деп танылды. Ақжолтай хабарды аталған спорт мектебінің директоры Бұрхан Оралбеков хабарлады.

Республика бойынша спорт мектептері арасынан үздік атану 40 жылдық тарихы бар Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының жемісті еңбегінің арқасы.

Мерейлі күндеріміз көп болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT