Исатай ауданында бокстан облыстық ашық турнир басталды

Бүгін Исатай ауданында жасөспірімдер арасында бокстан облыстық ашық турнир басталды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған турнирге 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер Жылыой, Қызылқоға, Индер, Мақат, Құрманғазы, Махамбет аудандарынан барлығы 150-ден астам спортшы қатысуда. Ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сейтжан Бегисинов мұндай деңгейдегі турнирге қатысу тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік екенін атап өтіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирдің ашылу салтанаты одан әрі боксшылардың алғашқы кездесулерімен жалғасты.

i

i

Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) бокс бөлімінің аға жаттықтырушысы Аманғали Өтегеновтің айтуынша, байрақты бәсекеде аудан намысын 50-ге жуық спортшы қорғайтын болады.

i

i

i

i

- Турнирге өз деңгейінде дайындалдық. Шәкірттеріміз жеңісті қолдан бермей, турнир барысында жеңімпаздар қатарынан көрінетініне сенемін. Себебі, олардың бірқатары бұған дейін де бірнеше мәрте облыстық, республикалық турнирлерге жолдама алып, топ жарып жүрді. Бұл еңбек пен дайындықтың жемісі. Ең бастысы әрбір кездесу шәкірттеріме үлкен тәжірибе береді, - деді Аманғали Өтегенов.

i

Айта кетейік, облыстық турнир 4 күн бойы жалғасып, финалдық кездесулер 27-қараша күні өтеді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521