Исатай ауданында бокстан облыстық ашық турнир өз мәресіне жетті

Исатай ауданында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан облыстық ашық турнирі өз мәресіне жетті.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған турнир 2008-2009, 2010-2011 және 2012-2013 жылы туған жөспірімдер арасында өтті. Байрақты бәсекеге Махамбет, Индер, Мақат, Қызылқоға, Жылыой, Құрманғазы және өз ауданымыздан барлығы 150-ге тарта спортшылар қатысып, шаршы алаңда 30 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

v

4 күнге созылған облыстық ашық турнирдің финалдық кездесулері бүгін өз мәресіне жетіп, спортшылар өзара кіл мықтыларды анықтады. Финалдық кездесулердің нәтижесінде, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) бокс бөлімінің спортшылары жеңімпаз және жүлдегерлер сапынан көрінді.

b

Атап айтқанда, 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Нұрислам Жолдасқали, Ернар Ғаллам, Дастан Нұржан, Нұрәлем Рашит, Нұрсәт Мәжитовтер өз салмақ дәрежелерінде барлық кездесуде қарсыластарынан басым түсіп, турнирдің жеңімпаздары атанса, Мирас Бейбітжанұлы, Дастан Рахметолла және Азамат Жақсығалилар ІІ орынның қатарынан көрініп, Мерей Манарбек, Ақылбек Қадим, Рахман Сүйеуғали, Арсен Игілікұлы, Алтынбек Шәмшидендер ІІІ орынға табан тіреді. Сонымен қатар, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Ержігіт Әнесұлы, Расул Зинурұлы, Бекзат Өмірзақ және Мадияр Ерболат өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаздың тұғырынан көрінсе, Әлинұр Манарбек және Ерасыл Салауатұлы жүлделі ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ турнирде жүлделі ІІІ орын өз салмақ дәрежелерінде Аңсар Қуанышқалиұлы, Нұрбақыт Тілекұлы, Мансур Арманұлы, Азиз Жоламандарға бұйырды. 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында да аудан спортшылары олжасыз қалмады. Досымжан Жұмажан, Дамир Зинурұлы, Алихан Жайнарбек, Бақдәулет Әзіржандар өз салмақ көрсеткіштерінде турнирдің жеңімпаздары атанса, Назарбек Нұрлыбек, Ердос Ізғалиевтер жүлделі ІІ орын, Мейіржан Сайлаубек, Назарәлі Есмұрат, Тұрар Медет, Бекет Қадірбектер жүлделі ІІІ орынды еншілеп, облыстық ашық турнирде аудан абыройын асырды. Командалық есепте Исатай ауданының спортшылары көшбасынан көрінгенін және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Нұрислам Жолдасқали «Үздік техникасы үшін» номинациясын жеңіп алғанын да айта кеткен жөн.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT