Исатай ауданында бокстан Республикалық турнир қорытындыланды

Ауданымызда биылғы «Балалар жылы» аясында, Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) 40 жылдығына орай, бокстен 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық ашық турнир қорытындыланды.

2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында 24 келі салмақ бойынша Есболат Шыңғыс ІІ, Мейіржан Сайлаубек пен Назарбек Нұрлыбек ІІІ орынды еншіледі. 26 келі салмақта Даниял Дәуренұлы ІІ орынды жеңіп алса, ІІІ орын Дархан Тілектесұлына бұйырды. Сондай-ақ, 28 келі салмақ бойынша топқа түскен Бекәділ Серікұлы ІІІ орынға қол жеткізді.   

30 келі салмақта Мадияр Ерболат ІІ, Мейіржан Серікқали ІІІ орынды иеленді.                    
32 келі салмақта Аңсар Қуанышқалиұлы І, 34 келі салмақта Әлинұр Манарбек ІІ, 36 келі салмақ бойынша Әбілмансұр Арманұлы І, 40 келі салмақта Бағдәулет Әзіржан мен Ердос Ізғали ІІІ орындарды иеленді.

2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында 34 келі салмақ бойынша Мирас Бейбітжанұлы І, 38 келі салмақта Мерей Манарбек ІІ, Ақылбек Қадим ІІІ орынды еншіледі. 40 келі салмақ бойынша Нұрислам Жолдасқали І, Расул Зинурұлы ІІІ орынды иеленді.

44 келі салмақта Дастан Нұржан І, Азамат Жақсығали ІІ, 46 келі салмақта Ернар Ғаллам І, 48 келі салмақ бойынша Эльдар Самат ІІ, Бекзат Өмірзақ ІІІ орындарды жеңіп алды.

Сонымен қатар, Аңсар Қуанышқали «Үздік боксшы», Нұрислам Жолдасқали «Үздік техникасы үшін», Әлинұр Манарбек және Азамат Жақсығали «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталып, турнирдің үздіктері атанды.

Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай жүлде табыс етілді.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521