Бүгін Қазақстан республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығы, халық батыры И.Тайманұлының 230 жылдығына орай дзюдо күресінен 2004-2006, 2006-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық турнир басталды.
Аққыстаудағы Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтіп жатқан турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар екі күн бойы шеберліктерін көрсететін болады.
Ұлдар 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73 келі, қыздар 40, 44, 52, 63 келі салмақ дəрежелерінде өнер көрсетеді.
Жерлестерге сəттілік тілейміз!
Берікбол ҚОНАРОВ