Биыл Қазақстан Полициясына 30 жыл толу кәсіби мерекесіне орай Исатай аудандық полиция бөлімінің (АПБ) ұйымдастыруымен аудандық құқық қорғау органы және мемлекеттік мекемелер арасында кіші аяқ доптан турнир өтуде.
Турнирдің ашылу салтанатында бастап сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Наурызбек Құмаров қызметкерлерді төл мерекемен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Одан кейін, Исатай АПБ бастығы полиция подполковнигі Данияр Бимуханов мемлекеттік қызметшілерді атаулы мерекемен құттықтады.
Ойынның алғашқы күнінде командалар алғашқы іріктеуден өту үшін бақ сынады.