Исатай ауданындағы кіші аяқ доп турнирі аяқталды

Бүгін Исатай ауданында Қазақстан Полициясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған кіші аяқ доп турнирі аяқталды. 

Үш күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша, І орынды «Атырау-Жарық» командасы жеңіп алды.

ІІ орынды «Теміржол», ІІІ орынды «Аудандық полиция» командалары иеленді. Ал, «Жанбай шекара бөлімі» командасы «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды. Оларға жарыс кубогі мен жүлделі дипломдарды Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Бимұханов пен аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесі төрағасы Тұрлан Қарасов және «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының директоры, аудандық маслихат депутаты Асхат Жұмабеков салтанатты түрде табыстады. 

«Үздік қақпашы» номинациясымен «Аудандық полиция» командасының қақпашысы Шыңғыс Ибатов, «Үздік шабуылшы» номинациясымен «Атырау-Жарық» командасының шабуылшысы Абылай Жоламанов, «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Теміржол» командасының қорғаушысы Даурат Мырзашев, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Жанбай шекара бөлімі» командасының ойыншысы Әлішер Ерқасымов, «Үздік төреші» номинациясымен Ерлан Құрманғалиев марапатталды.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521