Сәуір айының 1-4 күндері аралығында Талдықорған қаласында самбо күресінен ҚР чемпионаты өтті.
2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатына әр облыстан кіл мықты деген палуандар жиылды. Байрақты бәсекеде облыс құрамасының сапында 64 келі салмақта Исатай БЖСМ самбо бөлімінің шәкірті Бейбарыс Әділжанов сынға түсті. Жерлесіміз алғашқы үш кездесуінде Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының палуандарын жеңіп, жартылай финалда ғана Қарағанды облысының палуанына есе жіберді. Ал, үшінші орынды сарапқа салған сында Бейбарыс Қызылорда облысының палуанын жер қақтырды.
Осылайша төрт күнге созылған дүбірлі доданың нәтижесінде, Исатай ауданының спорт қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Жас палуанның жаттықтырушысы Азамат Ғалымов екенін де айта кеткен жөн.
Қола медаль құтты болсын, жерлестер!
Әділбек СЫРЫМОВ