Исатайлық кикбоксингшілер - бабында

19-22 мамыр күндері Атырау қаласында қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай кикбоксингтен қалалық ашық біріншілік өтті.

2007-2008, 2009-2010 және 2011-2012 жылы туған кадеттер мен жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте Исатай БЖСМ кикбоксинг бөлімінің шәкірттері де бақ сынап, нәтижелі жүлделерге қол жеткізді.

85

Атап айтқанда, 2007-2008 жылы туған кадеттер арасында 36 келіде Жарасбек Қайнолла күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 келіде мықтылығын мойындатқан Нұррахман Фархадұлы біріншіліктің жеңімпазы атанса, 48 келіде Жандарбек Қайырғали күміспен күптеліп, 36 келіде Баубек Қаражанов және 45 келіде Рахим Сүйеуғали қола медальді қанжығаларына байлады.

966

2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында да аудан құрамасының жетістігі ауызтолтырып айтарлықтай. Мәселен, 36 келі салмақта сынға түскен Балғынбек Қаражанов, 45 келіде Жанай Сейілхан, 51 келіде Аян Еділ сынды спортшыларымыз қарсылас шақ келтірмей ашық біріншіліктің жеңіс тұғырынан көрінсе, 30 келіде Нұрахмет Бақыт, 51 келіде Данияр Нағим күміс жүлдеге, 25 келіде Нұрасыл Парасатұлы, 27 келіде Сұлтан Бейбарыс Нұрлыбекұлы, 30 келіде Рахман Қуандықұлы, 33 келіде Ардақ Наурызғали, 36 келіде Мейрамбек Жұмабек қола жүлдеге қол жеткізді.

8210

Ал, спортшыларымыздың жаттықтырушысы Руслан Хисмаев ашық біріншіліктің нәтижесінде «Үздік төреші» номинациясын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, кеше ғана біз Исатай БЖСМ қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Азамат Лесовтың қазақ күресінен Ақтөбе қаласында өткен ашық турнирде «Үздік төреші» номинациясын жеңіп алғанын жазған болатынбыз. Енді, міне, араға бір күн салып кикбоксинг бөлімінің жаттықтырушысы Руслан Хисмаев та «Үздік төреші» номинациясын еншіледі. Бұл да өз кезегінде жас жеткіншіктерді спорт саласына баулуда тер төгіп жүрген бапкерлердің өз саласын жетік меңгергендіктерін көрсетсе керек.

Абыройымызды асқақтатар сайыпқыран спортшыларымыз бен оларды жеңістің жолына жетелейтін тәжірибелі жаттықтырушыларымыз көп болсын!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521