Исатайлық палуанды жерлестері құрметпен күтіп алды

Қырғызстан елінде өткен байрақты бәсекеде алтын еншілеп қайтқан Исатай ауылының тумасы, «Барыс» спорт клубының шәкірті Дидархан Ғайнеденді жерлестері сән-салтанатымен күтіп алды.

Жаһандық жарыста жасындай жарқылдаған палуанның жеңісіне ортақтасқан ауылдастары шырайлы жүздесуде спортшыға ізгі тілектерін жолдап, оның алдағы бәсекелерде де ел намысын абыроймен қорғай беретіндігіне сенімдерін білдірді. Сондай-ақ сөз кезегін тізгіндеген ауыл әкімі Аслан Ғұбаш осындай жетістіктер өсіп келе жатқан барша жастарға үлгі екендігін тілге тиек етіп, жеңіске жету жолында шын талантты тани біліп, жасынан шыңға жетелеген бапкері Тұрар Ризуановқа сіңірген еңбегі үшін барша ауылдастары атынан ризашылығын жеткізді.

289579978_1635853546799186_3886528820396522845_n

289587041_1635852543465953_2892702586151692120_n

Өз кезегінде Дидархан өзіне сенім артып, қолдау танытқан барша ауылдастарына перзенттік алғысын жаудырып, алдағы уақытта да бапкердің нұсқаулығымен тәжірибесін арттырып, бұдан да ірі бәсекелерде тұғырдың биік сатысынан көріну жолында барын салатындығына уәде етті.

Айта кетейік, маусым айының соңғы күндері Қырғызстан елінде спорттың барлық түрінен «PEARL OF KYRGYSTAN» VI Халықаралық фестивалі өтіп, дүбірлі додада Дидархан самбо күресінен 46 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Нәтижесінде, жерлесіміз өз тобында өткізген 4 кездесудің барлығын сәтті аяқтап, жеңістің тұғырына көтерілген болатын.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521