Исатайлық қос спортшы Азия чемпионы атанды

Алматы қаласында параармрестлингтен туын көтерген азия чемпионатында исатайлық спортшылар олжа салды.

Байрақты бәсекеде қамысқалалық Аслан Қайрушев параармрестлингтен, ардагерлер арасындағы сында тұщықұдықтық Алмагул Канатова өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Х.Ерғалиев ауылының тумасы, Атырау қаласынан сынға түскен Асия Набиева да күміс жүлде қанжығалап, абыройымызды асырды.

Спортшылардың аға жаттықтырушысы Исатай БЖСМ спорт нұсқаушысы Роллан Қадыржанов екенін айта кетейік.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT