Исатайлық спортшылар ашық біріншіліктен олжалы оралды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қараша айының 19-21 күндері аралығында Ақтау қаласында 2008-2009 және 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ашық біріншілік өтті.

Екі күнге созылған байрақты бәсекеге 160-қа жуық спортшы қатысты. Бұл додада Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кикбоксинг бөлімінің спортшылары да бақ сынап, жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінді.

3

Атап айтсақ, 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 30 келі салмақта Жарасбек Қайнолла І орын, 30 келіде Нұррахман Фархадұлы ІІІ орын, 42 келіде Жандарбек Қайырғали ІІІ орын, 45 келіде Рахим Сүйеуғали ІІІ орын, 51 келіде Бекарыс Мүтан ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында 27 келі салмақ дәрежесі бойынша Нұрахмет Бақыт І орын, 33 келіде А-тобынан Балғынбек Қаражанов ІІ орын, 33 келіде Б-тобынан Ардақ Наурызғали ІІ орынды еншілеп, ашық біріншілікте аудан абыройын асырды.

b

Спортшылардың бапкері Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің кикбоксинг бөлімінің жаттықтырушысы Руслан Хисмаев.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521