Исатайлық спортшылар ел чемпионатынан бір алтын, бір қоламен оралды

Өткен аптада Алматы қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында Пенчак Силаттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған чемпионатқа Пенчак Силат Федерациясының атыраулық спортшылары да қатысып, нәтижесінде облыс құрамасы 8 алтын, 5 қола медальды қанжығаларына байлады. Облыс құрамасының қатарында исатайлық спортшылар да бұл додада бақ сынаған болатын.

42 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Ағидолла Еділ өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, Қазақстан Республикасының чемипоны атанса, 57 келі салмақта сынға түскен Әділбек Нұрхан байрақты доданың қола жүлдесін қанжығалап, абыройымызды асырды.

Спортшылардың жаттықтырушысы Исатай БЖСМ спорт нұсқаушысы Айбол Жолдасов екенін айта кетейік.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521