Исатайлық таеквондошылар облыстық ашық турнирден олжа салды

Қараша айының 23-25 күндері аралығында Құлсарыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында даңқты спортшы, қоғам қайраткері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін салушы Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналған таеквондодан облыстық ашық турнир өтті.

2010-2011, 2012-2013 және 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнирге қала және аудандардан 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыларды іріктеді. Аталған турнирге Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жеңімпаз және жүлдегерлер тұғырынан бой көтерді.

b

Атап айтқанда, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Аманбек Сағын барлық қарсыласын ойсырата жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанса, Райхан Еркінғали және Алдияр Бақытжан жүлделі ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, жүлдегерлер сапынан көрінді. Сонымен қатар 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Амир Зинолла да алтыннан алқа тақса, шаршы алаңда өнер көрсеткен Расулхамза Насиғолла қола медальды қанағат тұтты. Ал, 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында жерлесіміз Аягөз Серік ІІІ орынға табан тіреп, турнирдің жүлдегері атанды.

79eee965-8127-42e5-b801-d8693a7c75ad

Айта кетейік, спортшылардың бапкері Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таеквондо бөлімінің жаттықтырушысы Айбол Жолдасов.

Жеңіс құтты болсын, исатайлықтар!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT