Тамыз айының 4-10-ы күндері аралығында Ақтау қаласында самбо мен жауынгерлік самбо күресінен Қазақстан Республикасының кубогі өтуде.
Бұл додада исатайлық спортшылар да бақ сынаған болатын.
Жекелей сында жауынгерлік самбодан 88 келі салмақ дәрежесінде Исатай БЖСМ еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Әділхор Руслан мен 53 келі салмақта Елеусін Айсұлтан қола жүлдеге ие болса, спорттық самбо күресінен облыс құрамасы сапында командалық сында «Барыс» клубының спорт нұсқаушысы Еркебұлан Қуанғалиев пен Маулен Кенжеғалиев күміс жүлдегер атанды.
Спортшылардың жаттықтырушылары — Асхат Жұмабеков, Эльдар Сатанов.