Исатай ауданында батырға арналған турнир өтеді

Аптаның сенбісінде, яғни, қараша айының 9-ы күні Исатай ауданында тағы бір спорттық бәсеке байрағын көтермек.

Халық батыры Исатай Тайманұлының жүлдесіне орай дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында республикалық ашық турнир өтеді. Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенінде өтетін жарысқа еліміздің әр өңірінен командалар келеді деп күтілуде. – Бұл сында ауданымыздан барлығы 70-ке тарта жас дзюдошылар бақ сынайды. Олардың ішінде Исатай БЖСМ мен «Барыс» клубының палуандары бар. Спортшылар 13 салмақ бойынша белдеседі, - дейді Исатай БЖСМ дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Берік Хамзин.

Айта кетейік, спортшылар бір күн бұрын салмақ өлшенеді. 9-қараша күні басталатын турнирдің ашылу салтанаты сол күні сағат 15.00-ге белгіленген. Жарыстың ақтық сыны мен жабылуы 10-қарашада өтетін болады.

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521