Исатай ауданында оқушылар арасындағы «Ұлттық Мектеп Лигасы» басталды

Исатай ауданы білім бөліміне қарасты «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Ұлттық мектеп лигасының» ашылу салтанаты өтті.

Ұлттық лигада  спорттың 11 түрінен 43 жарыс өтетін болады. Атап айтсақ, баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, шахмат, асық ату, бес асық,тоғызқұмалақ, үстел тенисі және президенттік көпсайыс.  Мектеп лигасында  ұстаздың еңбегі мен шәкірттің маңдай тері көрініп, ең үздіктер анықталады.

adfa6362-0a84-48ca-9b67-18e64112128a

Алғашқы сайыс футзалдан 7-8 сыныптың оқушы қыздары арасында өтті.  Жарыста аудан мектептерінен барлығы 10 команда, 140 оқушы бақ сынайды.

Салтанатты шараның ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызы, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, спорт жанашыры Ерболат Насимуллин, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрым Мусин, ҚР ҰҚК Атырау облысы Департаментінің Исатай аудандық бөлімшесінің басшысы Еділ Ерболатұлы және аудандық ІІБ бастығы Данияр Баймұханұлы мен Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің директоры Ербол Бауыржанұлы және шара ұйымдастырушылары  аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Махмудақызы, «Барыс» спорт клубының директоры Асхат Жұмабекұлы қатысты.

Аталмыш лиганың басты мақсаты – «Балалар жылы» аясында оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен бірге отансүйгіштікке тәрбиелеп, әр спорт түрінен аудан үздіктерін анықтау. Биыл аудан құрамасы облыстық ХІ жазғы гимназдиясында жалпы командалық есепте Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданынан кейінгі жүлделі үшінші орынға табан тіреген.

af7ddfe1-b2b2-4564-8e5a-430aa8175420

Шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан: -Спорт денсаулық кепілі десек, жыл сайын өткізілетін «Ұлттық мектеп лигасының» өзіндік орны бар. Мектеп оқушылары республикалық деңгейге дейін жоғары нәтиже көрсетіп, өздерінің спорттық дайындықтары мен біліктіліктерін дәлелдеп, аудан мерейін асқақтатып жүр. Биыл да жоғары нәтиже көрсетіп, биік шыңдардан көрінеді деген сенімдеміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын. Лигага қатысушы жас өрендерге сәттілік тілеймін,-деді.

Алғашқы күні футзалдан 7-8 сынып оқушы қыздар арасында жарыс тартысты өтіп, өз мәресіне жетті. Шын жүйріктер мен үздіктер анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша Өркен орта мектебі І, Аққыстау орта мектебі ІІ, Новобогат орта мектебі жүлделі ІІІ орындарды қанжығаларына байлады. Жарыста ерекше ойын өрнегін көрсетіп, үздік деп танылған спортшыларымыз Аққыстау орта мектебінің оқушысы Дильназ Қуаныш «Үздік қақпашы», Анель Нұрлыбек «Үздік қорғаушы» және Өркен орта мектебінің оқушысы Жаннұр Айболат «Үздік шабулшы», Новобогат орта мектебінің оқушысы Мадина Мұрат «Үздік ойынышы»  номинациясын иеленді.

dsc_0164

- Биыл ауданымыз үшін өте табысты жыл болды. Шәкірттеріміз спорттың әр түрінен жүлделі орындарға ие болды. Бұл орайда «Барыс» спорт клубының шәкірті Нұрзила Қадыр самбо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанып, Арменияның астанасы Ереван қаласында өтетін әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайтынын айта кеткен жөн. Шәкіртімізге сәттілік тілейміз.

«Ұлттық мектеп лигасының» аудандық кезеңі тартысты өтіп, шын жүйріктер анықталарына сенімдімін,-дейді Асхат Жұмабекұлы.

 Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521