Исатай ауданының әкімі чемпиондарды қабылдады

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев күні кеше Сербия мемлекетінде өткен самбодан әлем біріншілігінде атой салып, ел абыройын асқақтатқан Еркебұлан Қуанғалиев пен Абылайхан Мейрамбекұлын қабылдады.

Бұл туралы Исатай ауданды әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Спортшыларды жарқын жетістігімен құттықтаған аудан әкімі қос батырға алда да биік белестерді бағындыруды тілек етті.

chem-2

Спортшылар да ойларын ортаға салыпты. «Алтынға сәл-ақ жете алмай қалған өкінішін жеткізген Еркебұлан келесі жарыста күмісті алтынға айырбастауға уәде берді. Спортшылардың жеке бапкері Асхат Жұмабекұлы аудан әкіміне спортқа деген жанашырлығы үшін алғыс білдірді. Аудан басшысы спортшыларға жарқын болашақ пен мықты денсаулық тілеп, естелік сыйлықтар мен құттықтау хатын табыстады» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

chemp-3

Айта кетейік, жақына Сербия мемлекетінде өткен самбодан әлем біріншілігінде ересектер арасында жауынгерлік самбодан Еркебұлан Қуанғалиев күміс жүлдегер атанып, жастар арасында Абылайхан Мейрамбекұлы алтыннан алқа тағынған болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521