«Исатай» қазақ күресі федерациясының төрағасы жас чемпионды қабылдады

«Исатай» қазақ күресі федерациясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Асхат Жұмабеков Қазақстанның жас чемпионын қабылдады.

Жақында ғана қазақ күресінен кіші жасөспірімдер арасында ел чемпионы атанған қамысқалалық Олжас Сапарғали мен оның бапкері Исатай БЖСМ қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Үмбет Мусағалиевті қабылдаған федерация төрағасы алдымен бапкердің еңбегіне оң баға берді.

– Шын ниеттеніп, алдына мақсат қоя білген адам қай асуды да бағындыра алады. Осы ретте кеше ғана ұлттық спорт түрі қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанған Олжасқа оң бағыт беріп, жақсы нәтижеге жетуіне септескен жаттықтырушысының еңбегін айта кеткен жөн, - деген ол шын талантты танып, оны баптай білген ұстазына ризашылығын білдірді. – Олжастың бұл алғашқы жетістігі деп сенеміз. Алда талай додалар бар. Сол байрақты бәсекелерде көк Туымызды көкте желбірете бер, - деді Исатай қазақ күресі федерациясының төрағасы.

Жас спортшы мен бапкеріне федерация атынан Тілек хат пен естелік сыйлық табыстаған Асхат Жұмабеков: «Алғаш чемпион шыққан Қамысқала ауылы қазақ күресінің ұстаханасына айналсын» деген ізгі тілегін жеткізді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521