Исатайда жас дзюдошылар сынға түсті

Исатай ауылында дзюдодан 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өтті.

isatdzy

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен өткен шараның ашылуында ауыл әкімі Асылан Ғұбаш ауыл тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады. Одан соң сөз алған «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры Асхат Жұмабеков пен ауыл ардагері Құрманбай Шүренбаев көпшілікке жылы лебіздерін арнап, жарысқа қатысушы балғын палуандарға сәттілік тіледі.

ercedd

 Турнирге Аққыстау, Тұщықұдық, Жанбай, Зинеден, Исатай ауылдарынан 70-тен астам спортшы жеті түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.

asdyc

Жарыс барысында самбодан ересектер арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еркебұлан Қуанғалиев жас дзюдошыларға шеберлік сағатын өткізді.

isataidzzzd

Аудандық ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша исатайлықтар арасынан Әли Аққали, Темірлан Құрманбай, Дамир Жанат, Мұхаммедясин Тағаберген, тұщықұдықтық Саят Қуандықұлы мен Нұрәділ Темірхан, жанбайлық Мұхаммед Қуандар жеңіс тұғырынан көрініп, оларға медальдар мен дипломдар табысталды.

isady

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521