Исатайлық мемқызметшілер кіші аяқдоптан облыстық турнирде олжа салды

Атырау қаласындағы Мұнайшы стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған кіші аяқдоп пен жүгірістен облыстық жарыс мәресіне жетті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мемлекеттік қызметшілер күніне арнап өткізілген сайыста Исатай ауданының мемлекеттік қызметшілері командасы жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Барлығы 11 команда қатысқан кіші аяқдоп турнирінде өз тобындағы Индер, Махамбет аудандарын айқын басымдылықпен ұтқан жерлестеріміз жартылай финалда Қызылқоға ауданы құрамасын қапы қалдырып, ақтық сында ғана облыс әкімдігі командасына жол берді. Осылайша ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер құрамасы жарыстың екінші орнын иеленді.

Сондай-ақ, жүгірістен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Бисен Рауан үшінші орынды қанжығалады. Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерін мерейлі мерекелері қарсаңындағы жеңістерімен құттықтаймыз!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика