Исатайлық ұстаздар үшінші орын иеленді

Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастырумен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен өткен облыстық мұғалімдер спартакиадасынан ауданымыздың ұстаздар құрамасы бақ сынап қайтты.

Спорттың баскетбол, волейбол, гандбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі сынды түрлерінен өткен жарысқа Атырау қаласынан 1 және 7 ауданнан командалар қатысты. Бұл жарыста аудан мұғалімдері баскетболдан бірінші, үстел теннисінен екінші, шахмат пен тоғызқұмалақтан үшінші орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

«Жыл сайынғы өтетін дәстүрлі додада аудан құрамасы үздік үштіктен көрініп келеді. Былтыр екінші орын иеленеген едік, биыл да ұстаздарымыз жақсы ойын өрнегін көрсетті, - дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ерлан Мақсотов.

Білім беруде ғана емес, қоғамға белсене араласып, салауатты өмір салтын сақтап, спортты насихаттауға үлес қосып жүрген мұғалімдеріміздің алдағы еңбектеріне мол табыс тілейміз!

Әйгерім ҚҰБАЕВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521