Исатайлық жас дзюдошы ел чемпионатының жүлдегері атанды

Түркістан облысы, Шардара қаласында маусым айының 21-26-сы күндері аралығында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ҚР біріншілігі өтті.

2006-2007 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында өткен біріншілікте Атырау облысының құрамасы сапында жерлесіміз Исатай аудандық БЖСМ шәкірті Айбек Абзал 38 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 3-орынды иеленді.

6 кездесу өткізген ол бірінші белдесуінде Қызылорда облысының палуанын айқын басымдылыкпен ұтып, екінші кездесуде Солтүстік Қазақстан облысының палуанын жарыс жолынан шығарды. Одан кейін Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай облысының палуандарын таза жеңді. Бесінші кездесуінде Шығыс Қазақстан облысының спортшысынан айласын асырып, 3-орын үшін болған кездесуде түркістандық мықтыны таза жеңіспен ұтты.

«Бұл - ауданымыздағы көптен күткен жеңістің бірі. Бұл ретте жас спортшымыздың және оның жеке бапкері Қадыржан Дәулет пен дзюдо бөлімінің аға жаттықтырушысы Ғалымұлы Аманжолдың, сонымен қатар барша дзюдо бөлімінің бапкерлерінің еңбегін ерекеше айта кеткен жөн» дейді Исатай БЖСМ директоры Бұрхан Оралбеков.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT