Исатайлық спортшылар облыс біріншілігінен олжа салды

Облыс чемпионатында Исатай балалар-жасөспірімдер мектебінің жас дзюдошылары өнер көрсетіп, жүлделермен оралды.

Атап айтар болсақ, қыздар арасында 42 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айша Зейнеу қарсыласына ақтық сында ғана жол беріп, 2 орынды иеленсе, ерлер арасында 66 келі салмақта күш сынасқан Әділжан Бейбарыс та күміс жүлдеге лайықты деп танылды. Енді бұл екі палуан да алда өтетін ел чемпионатына қатысатын болады.

Ал, 73 келі салмақта күрескен Нұрасыл Болатұлы мен +90 келі салмақ дәрежесінде бағын сынаған Асыланбек Мұғауия 3 орындарды қанағат тұтып, ауданымыздың мерейін асырды.

Спортшылардың бапкерлері Исатай БЖСМ-нің жаттықтырушылары Берік Хамзин, Азамат Ғалымов, Аманжол Ғалымұлы.

Айта кетейік, ел біріншілігі ақпан айында Ақтөбе қаласында өтеді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521