Исатайлық теннисшілер топқа түсті

«Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Исатай аудандық өкілдігінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен мемлекеттік қызметшілер арасында ашық біріншілік өтті.

78ee5f4b-2f80-49e0-b33d-b2f4f730e659

- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Атырау облыстық департаментінің - Адалдық алаңы жобалық кеңсесі қоғамдық бақылау жүргізіп отырады. Ол мынау азық-түлік тауарлары бойынша, аудандағы салынып жатқан құрылыс нысандарының орындалысы, мемлекеттік қызметтердің ашық, тиімді түрде орындалысы бақыланып отырады. Атырау Адалдық алаңы Исатай жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бір жағынан салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында жарыс өтті, - дейді «Атырау - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Исатай ауданы бойынша өкілі Ербол Ақтанов.

3cb12e18-df0b-4ea9-ab39-5f03d58beab2

Мемлекеттік қызметтегі ерлер мен қыздар арасында өткен ашық біріншілікке жиырмадан астам ойыншы қатысты. Қыздар арасында ойынға қатысушылардың бірі Исатай ауылдық округінде бас маманы Бекнұр Нармағанбетова осындай жарыстар мемлекеттік қызметшілер арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға, командымен жұмыс жасауды, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыратынын және салауатты өмір салтын ұстануға үлесін сеп болатынын айтты.

8ed29259-4e73-40f5-84c0-98d38c323050

Қорытындыда ерлер арасында ардагер спортшы Ерболат Насимуллин бірінші, Саябек Шагиров екінші, Нұрым Мусин үшінші орындарды иеленді. Ал, қыздар арасында Айнұр Ғазизова жеңімпаз атанса, Гүлзада Абилова екінші, Бекнұр Нармағанбетова үшінші орынды қанағат тұтты.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521