Исатайлық қос спортшы жеңіс тұғырынан көрінді

Қазан айының 29-31 күндері аралығында Атырау қаласында дзюдо күресінен 2009-2010 жылы туылған қыздар және 2013-2014 жылы туылған кіші жасөсіпірім ұлдар арасында «Жас диномашылар» республикалық ашық турнирі өтті.

Аталған ашық турнир Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Өз өңірімізбен қоса, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 160 дзюдошы бақ сынасқан тартысты турнирде «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының қос шәкірті Анель Серікқали +44 және Інжу Жұмажан 36 келі салмақ дәрежелерінде өнер көрсетіп, аудан намысын қорғады.

Нәтижесінде, үш кездесуден өткізген қос спортшымыз қарсылас шақ келтірмей, өз салмақ дәрежелерінде турнирдің жеңімпазы атанды.

Спортшылардың жаттықтырушылары Эльдар Сатанов және Тұрар Ризуанов екенін айта кетейік.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT