Жақында Ресейдің Самара қаласында атом өндірісінің 65 жылдығына арналған дзюдо күресінен халықаралық турнир өткен болатын.
Бұл бәсекеде «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірті Нұрсәт Ерболат (жаттықтырушысы Равиль Тәукен) 66 келі салмақта бақ сынады. Бес кездесу өткізген Нұрсәт аталған бәсекенің қола медалін қанжығалап, мерейімізді үстем етті.
Cерікбол Панабердиев