Каратэшілеріміз облыс біріншілігінен олжа салды

Атырау қаласында WKF және годзю-ру каратэ-додан балалар арасында облыстық ашық біріншілік болып өтті.

Жарысқа Атырау облысы бойынша 180-ге жуық спортшылар қатысты. Бұл сында «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының шәкірттері бақтарын сынап, жарыс нәтижесі бойынша Руслан Торғаев жаттықтыратын жанбайлықтар Төремұрат Нұриман мен Нұрасыл Исламғалиұлы өз салмақтарында бірінші орындарды иеленді. Сондай-ақ, Ерасыл Исламғалиұлы екінші, Нұрахмет Мерейбекұлы үшінші орындарға қол жеткізді.

Ал, қыздар арасынан Мұрасқали Даяна бірінші, Асқар Салтанат екінші, Бақтығали Лиза үшінші орындарды еншіледі.

Cерікбол Панабердиев

COVID 19

covid

Күнтізбе

маусым 2020
ПВСЧПСВ
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21